— Шарт бойынша, әлеуметтік қолдау алған мамандар ауылдық елді мекенде кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндетті болған. Алайда олардың кейбірі бұл талапты орындамай, өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Сонымен қатар бюджет қаражатын қайтармаған, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Прокуратураның талап арыздары сотта қанағаттандырылды. Қазіргі уақытта қаражатты мәжбүрлеп өндіру үшін атқару құжаттары сот орындаушыларына жолданған.
Прокуратура бюджет қаражатының заңды әрі мақсатты пайдаланылуын бақылауды жалғастырады.
Осыдан бұрын ШҚО-да «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ақша алғандар міндеттемесін орындамағанын жаздық.