АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр.
Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 358 (160 198) келіні еңсерді.
Сондай-ақ дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154 197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.
Ал күміс жүлдені өзбекстандық Хикматилло Хайдаров жеңіп алды — 357 (161 196) келі.
Еске салайық, бұған дейін Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болғанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.