Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117 145) еңсерді.
Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды – 261 келі (108 153). Ал үздік үштік ресейлік Абубакар Цакаевтың еншісіне жазылды – 252 келі (113 139).
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Канадада өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатынын хабарлаған едік.