Ауыр атлет Ксения Прозорова жасөспірімдер Азиадасында екінші медалін жеңіп алды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші медальді салды.

ҰОК мәліметінше Прозорова серпе көтеруде күміс жүлдегер атанды. Ол бір мүмкіндігін сәтті орындап, 108 келіні еңсерді. Бұған дейін отандасымыз жұлқа көтеруде де күміс медаль жеңіп алған еді.

Қытай өкілі Чжу Цайюнь бұл сайыста жеңімпаз атанды - 111 келі. Ал үшінші орын Иран спортшысы Части Седигхиға бұйырды - 105 келі.

Айта кетелік ауыр атлет Нұрсыйла Берікбол қола жүлдеге ие болған еді.