Әлем чемпионатында Нұрғиса 96 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыстың қорытындысымен ол 388 (174 214) келіні бағындырды. Нәтижесінде жеңіс тұғырына көтерілді.
Екінші орындағы Реваз Давитадзе (Грузия) - 387 (177 210) келіні еншісіне жазды. Ал үздік үштікті 387 (173 214) келі салмақпен ирандық Али Алипур түйіндеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алексей Чуркин (81 келі) күміс жүлдегер атанған еді.
Жарыста ерлер құрамасында Ақмолда Сайрамкез (67 келі), Александр Уваров (81 келі), Алексей Чуркин (81 келі), Денис Уланов (89 келі), Денис Полубояринов (89 келі), Кириил Староверкин (96 келі, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі, Артем Антропов (102 келі), Андас Самарқанов (109 келі) пен Мейрам Сұлтан (109 келі) барды.
Ал әйелдер құрамасында Карина Горичева (64 келі), Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Айша Омарова (76 келі) және Любовь Ковальчук ( 87 келі) жүлделерді сарапқа салады.