Ерлер арасында -88 кг дейінгі салмақтағы отандасымыз Александр Уваров жұлқа көтеру сайысында 165 кг зілтемірді көтеріп, 3-орын алды. Бұл оған өз кезегінде осы сынның қола медалін иеленуге мүмкіндік берді.
Осыдан кейін Ұлттық құрама спортшысы серпе көтеру бағдарламасында 200 кг көрсеткішпен 4-сатыдан көрінді. Ал жалпы есепте Александр 365 кг (165 200) нәтижемен 5-орын алды.
Осы салмақта тағы бір отандасымыз Әлібек Рахымберді 9-сатыда.
Бұл – Қазақстан командасының осы сары құрлық бәсекесіндегі бірінші жүлдесі.
Жарыс 18 мамырда мәресіне жетеді. Енді Мейрам Сұлтан (111 кг) ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, Едіге Емберді рекорд жаңартып, Қазақстан чемпионы атанды.
Аянат Жұмағали ел рекордын 7 мәрте жаңартты.