Ауыр атлетика: Аянат Жұмағали ел рекордын 7 мәрте жаңартты

АСТАНА. KAZINFORM - Талдықорған қаласындағы ел чемпионатының төртінші күнінде әйелдер арасында 77 келінің жеңімпазы анықталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы жазды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бұл салмақта Аянат Жұмағали қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, жұлқа, серпе көтеру және қоссайыста рекордтарды бірнеше мәрте жаңартты.

77 келі

Аянат Жұмағали (Алматы қ) - 242 келі (106 140)

Маргарита Ермакова (Жетісу обл) - 220 келі (95 125)

Виктория Захарченко (Қостанай обл) - 190 келі (85 105)

– Бүгінгі жарысқа арнайы отбасым келіп, қолдау танытты. Соның арқасында жігерленіп, үздік шықтым. Барлық дерлік мақсатым орындалды десе болады. Әттеген-ай дейтін тұсым, жұлқа көтеруде 110 келіні көтере алмай қалдым. 2025 жылы мен қоссайыстың қорытындысында 219 келіні бағындырып едім. Бірақ ол сәтте мен халықаралық жарыстан кейін ел біріншілігіне қатысып, барымды салмаған едім. Ал 2026 жылы осы жерге мақсатты түрде дайындалдым, - деді Аянат Жұмағали.

2025 жылдағы ел чемпионатының көрсеткіші:

1. Айғаным Жанболат (Алматы обл) - 228 келі (103 125).

2. Аянат Жұмағали (Алматы қ) - 219 келі (98 121).

3. Татьяна Тютина (Қостанай обл) - 187 келі (82 105).

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Талдықорған қаласында ел чемпионатының бесінші күнінде әйелдер арасындағы бәсеке мәресіне жетті.