Ерлер арасында 85 келі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы жұлқа көтеру жаттығуында-ақ 173 келіні бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты. Серпе көтеруде отандасымыз 206 келіні көтеріп, қоссайыста 378 келімен екінші орынға тұрақтады.
Кванг Риол Ро (Солтүстік Корея) - 379 келі (165 214)
Алексей Чуркин - 378 келі (173 205)
Шуннан Чен (Қытай) - 374 келі (163 211)
Айта кетейік, бұл ауыр атлетикадан ел қоржынына түскен екінші жүлде. Кешегі жарыс күнінде 77 келідегі Аянат Жұмағали күміс жүлдеге ие болған еді.