Ауыр атлетикадан әлем кубогына кімдер қатысады
18:04, 28 Ақпан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – 31 наурыз бен 11 сәуір аралығында Пхукетте ауыр атлетикадан өтетін әлем кубогына Қазақстан құрамасынан кімдер қатысатыны белгілі болды.
Аталған додаға Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады.
Олар:
45 келі: Айнұр Әбдіхалықова
55 келі: Ерназ Алпысов
59 келі: Дарья Балабюк
+87 келі: Айсамал Сансызбаева
109 келі: Мейрам Сұлтан
Айта кетейік, әлем кубогында жеңіске жеткен атлеттерге Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін рейтингілік ұпайлар беріледі.