Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Құрлықтық дода 3-10 ақпан аралығында өткізіледі.
Оған әйелдер құрамасынан екі, ерлер құрамасынан бес спортшы қатысады.
Ұлттық құраам сапында әйелдерде Айнұр Әбдіхалықова (49 келі), Арай Нұрлыбекова (81 келі) жарыс жолына шығады.
Ал ерлерде Ақмолда Сайрамкез (67 келі), Әлібек Рақымберді (73 келі), Александр Уваров (81 келі), Сергей Петрович (96 келі) пен Кирилл Староверкин (96 келі) ел намысын қорғайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Едіге Егемберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.