Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 333 (146 187) келі салмақты бағындырды.
Бірінші орынды индонезиялық Абдулла Рамат Ервин 360 (155 205) келімен иеленсе, екінші орынға Қытайдан У Хайфен 334 (145 189) келімен жайғасты.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының Kazinform ақпарат агенттігіне ұсынған мәліметінше, ел құрамасынан 10 мамырда Виктор Надворный (67 келі), Сергей Чуев (67 келі) сынға түсті.
Бүгін, 12 мамырда Әлібек Рақымберді (81 келі), Асылжан Бектай (89 келі), Егор Шерер (89 келі) жүлделерді сарапқа салады.
Сондай-ақ 13 мамырда Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Виктория Новикова (81 келі), Сергей Петрович (96 келі), Кирилл Староверкин (96 келі), 14 мамырда Артем Антропов (102 келі), Ақерке Байманап (87 келі), 15 мамырда Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) сайысқа түседі.
Он күнге созылатын құрлықтық додада 200-ден астам спортшы жарыс жолына шығады. Оның ішінде 112-і ерлер, 89-ы әйелдер арасында сынға түседі.