АСТАНА. KAZINFORM - Қостанай қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында 17 ақпандағы жарыс нәтижесі белгілі болды.
Дүбірлі додада бірқатар белгілі ауыр атлеттер жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Жазғы Азия ойындарының қатысушысы Петр Хребтов күміс жүлде алса, әйелдер бәсекесінде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Дарья Балабюкке жеңіс тұғырынан көрінді.
17 ақпандағы жарыс нәтижелері төмендегіше:
Ерлер. 67 келі.
1.Ақжол Құрманбек (Жетісу облысы) - 278 келі (125 153)
2.Петр Хребтов (Алматы қаласы) - 277 келі (124 153)
3. Виктор Надворный (Ақмола облысы) - 276 келі (124 152)
Әйелдер. 59 келі.
1.Дарья Балабаюк (Қарағанды облысы) - 179 келі (81 98)
2. Валерия Иванова (Жетісу облысы) - 156 келі (71 85)
3. Алтыншаш Оразбек (Астана қаласы) - 152 келі (67 85).
Еске салсақ, бұдан бұрын 13 жасар ауыр атлет ересектер арасында ел чемпионы атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.