Жастар арасындағы әлем чемпионы Ақмолда Сайрамкез жарысты төртінші орынмен аяқтады.
67 келіге дейінгі салмақтағы алтын медальді Солтүстік Корея спортшысы иеленсе, күмісті Болгария, қоланы Түркменстан атлеті еншіледі.
Қазақтандық зілтерімші барлық алты мүмкіндігін де сәтті орындады. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ақмолда 294 келіні бағындырған.
Турнирге Рио Олимпиадасының жүлдегері Денис Уланов та қатысады.