Ксения Прозорова - ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы
13:14, 03 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Ксения Прозорова (59 келі) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды.
Перу астанасы Лима қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ол қоссайыстың қорытындысымен 199 (91+108) келіні бағындырды. Екінші орындағы өзбекстандық Маржон Абдумуталова 190 (88+102) келіні еншілесе, ресейлік Полина Павлович 189 (85+104) ұпай алды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Ернұр Мырзахметов (73 келі), Ерасыл Сәулебеков (81 келі) қола алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында қазақстандық Бейбарыс Ерсейіт (61 келі) чемпион атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қатардың Доха қаласында өткен ауыр атлетикадан өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жүлделі оралды.