АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Ксения Прозорова (59 келі) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды.
Перу астанасы Лима қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ол қоссайыстың қорытындысымен 199 (91 108) келіні бағындырды. Екінші орындағы өзбекстандық Маржон Абдумуталова 190 (88 102) келіні еншілесе, ресейлік Полина Павлович 189 (85 104) ұпай алды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Ернұр Мырзахметов (73 келі), Ерасыл Сәулебеков (81 келі) қола алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында қазақстандық Бейбарыс Ерсейіт (61 келі) чемпион атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қатардың Доха қаласында өткен ауыр атлетикадан өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жүлделі оралды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.