Ауыр атлетикадан Жетісу облысы жалпы есепте үздік атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Ауыр атлетикадан 12-18 мамыр аралығында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы жазды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жарыстың соңғы күнінде аса ауыр салмақта ерлер жүлдені сарапқа салып, Бағдат Маматкул айқын басымдықпен топ жарды.

110 келі

Бағдат Маматкул (Шымкент қ) - 371 келі (156 208) Сағынбек Самарқан (Жетісу обл) - 357 келі

Максим Варивода (Жетісу обл) - 338 келі (155 183) –

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

- Менің салмағымдағы көшбасшылар бүгінгі жарысқа қатыспады. Сондықтан жеке-дара үздік атандым. Шынымды айтсам, мен 2019 жылдан кейін ғана Талдықорған қаласында екінші мәрте өнер көрсетіп жатырмын. Көрсеткішіме көңілім толмайды. Әлі қос жаттығуда да кемі 10 келіден қосуым керек, - деді Бағдат Маматкул.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әйелдер

1-орын. Жетісу обл

2-орын. Қарағанды обл.

3-орын. Алматы қ.

Ерлер

1-орын. Жетісу обл

2-орын. Қарағанды обл.

3-орын. ШҚО

Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған едік.