Ауқатты қазақстандықтар Ыстамбұлда жылжымайтын мүлік сатып алуда - БАҚ

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Ауқатты қазақстандықтар Ыстамбұлда жылжымайтын мүлік сатып алуда.

Бұл туралы «Экспресс К» газетіндегі «Битва за Босфор» (авторы - Илья Гук) атты мақалада жазылды.

Жуырда түрік заңнамасына енгізілген өзгерістердің арқасында шетелдіктердің Босфор бұғазының жағасынан вилла сатып алулары жеңілдеді.

Жылымайтын мүлікті қаржылайтын Түрік компаниялары қауымдастығының президенті Исик Гоккайдың сөзіне қарағанда, Сытамбұлдағы нарық бүгінгі күні серпілісті бастап кешіруде. «Қазақстанның, Әзірбайжанның азаматтары мен араб елдерінің тумалары Босфорға қарайтын виллаларды сатып алуға аса қызығушылық танытып отыр», - деп хабарлады түріктің Hurriyetdailynews.com. ақпараттық агенттігі.

Исик Гоккая мәлім еткендей, алдағы уақытта шетелдіктерге шамамен 10 мың жылжымайтын мүлік нысандары сатылатын болады, олардың жартысы  - Ыстамбұлда.

- Жылжымайтын мүлік бойынша агенттік шетелдік сатып алушылармен әріптестік орнатып, жұмыс істеуге ден қояды, - дейді бизнесмен. - Сұраныс өскен сайын, тұрғын-үйлердің де бағасы қымбаттай түседі.

Исик Гоккая бұған дейін жылына шамамен 2 млрд. доллар табыс әкелген жылжымайтын мүлік нарығы шетелдіктердің арқасында одан сайын арта түседі деген сенімде. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта нарық 5 млрд. долларға, кейінірек 10 млрд. долларға дейін өседі.

Түріктердің жылжымайтын мүліктерінің бағасы арзан емес. Босфорға қарайтын орташа көлемдегі вилланың құны 2-3 млн. еуро тұрады. Теңізге тікелей шығуға мүмкіндігі жасалған вилланың құны шамамен 12-16 млн. еуро. Дегенмен шетелдіктерді бұл баға аса таң қалдырмайтын сыңайлы.