Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Астана, Үкімет Үйі 2012 жылдың 19 наурызынан №339 бұйрық

Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 24-1)тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1.Қоса беріліп отырған аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы  №339 қаулысымен бекітілген

Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

1.Ауыл шаруашылығы өнімі, аңшылық кәсіпшілігі өнімі, аңшылыққа, жабайы құс кәсіпшілігі мен оны өсіруге байланысты тірі жануарлардан, өнімдерден және қызметтерден, сондай-ақ аңшылық өнімі мен жабайы құс кәсіпшілігінен басқа, ауыл шаруашылығы мен аңшылық қызметтері.

2. Орман шаруашылығы және ағаш дайындау өнімдері, орман өсіру және ағаш дайындау үшін көрсетілетін қызметтер.

3. Балық аулау, балық питомниктері мен балық фермаларының өнімдері, балық аулауға байланысты көрсетілетін қызметтер.

4. Таскөмір және лигнит, торф.

5. Шикі мұнай және табиғи газ, іздестіру жұмыстарынан басқа, оларды өндіру жөнінде көрсетілетін қызметтер.

6. Металл рудалары.

7. Тас, саз, құм және минералды шикізаттың басқа да түрлері.

8. Тамақ өнімдері және сусындар.

9. Темекі бұйымдары және темекі өнеркәсібі өнімдері, басқалар.

10. Тоқыма бұйымдары.

11. Бала киімдерін қоспағанда, киім, тері және теріден жасалған бұйымдар.

12. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар, қайыс-ер бұйымдары, аяқ киім.

13. Жиһаздан басқа, сүрек, сүректен жасалған бұйымдар, тығындар, шығыр және өрімдер.

14. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар.

15. Жарнама материалдары, суреттер, сызбалар, басып шығарылған фотосуреттер, кәдесый және сыйлық жиындарынан (қойын дәптер және жазба кітапшалары), сайлаулар мен референдумдарда дауыс беруге арналған бюллетендерден басқа полиграфиялық және баспа өнімдері.

16. Кокс пештерінің өнімдері.

17. Мұнайды қайта өңдеу өнімдері, мұнайды қайта өндеу газы мен пиролиза, газды қайта өндеу зауыттарының өнімдері.

18. Органикалық және бейорганикалық синтез өнімдері.

19. Резеңке және пластмасса бұйымдары.

20. Шыны шаруашылық-тұрмыстық және интерьерге арналған бұйымдардан, сондай-ақ керамикалық құрылыстық емес отқа төзімсіз бұйымдардан басқа, металл емес минералды өнімдер.

21. Металлургия өнеркәсібінің өнімі.

22. Машиналар мен жабдықтардан басқа, металды қайта өңдеу өнімдері (ядролық реакторлардан басқа).

23. Қару-жарақтан, оқ-дәрі мен олардың бөлшектерінен, халықтық-шаруашылық мақсаттағы жарылғыш қондырғылар мен жарылғыш заттардан басқа, өзге топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар.

24. Кеңселік, бухгалтерлік және электрондық-есептеу техникасы.

25. Басқа топтамаларға енгізілмеген электр қозғалтқыштары мен электротехникалық аппаратура.

26. Радио, теледидар және байланыс үшін жабдық және аппаратура.

27. Медициналық техника, өлшеу құралдары, фото-және киноаппаратура, сағаттар.

28. Автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, автомобильдерге арналған шанақтар, автомобильдерге арналған бөлшектер мен керек-жарақтар, гараж жабдығы.

29. Сауда және жолаушылар кемелерінен, әскери корабльдерден, әуе және ғарыштық ұшу аппараттарынан, ұшу аппараттарының жабдықтары мен бөлшектерінен басқа, өзге көлік құралдары.

30. Зергерлік бұйымдар мен олармен аралас тауарлардан, музыкалық аспаптардан, ойындар мен ойыншықтардан, еңбек процесін оқытуға арналған жабдықтан, мектеп оқу құралдары мен жабдықтарынан, көркем кәсіпшілік бұйымдарынан, өнер туындылары мен коллекциялау заттарынан, экспозицияланған кинопленкалардан, адам, жануарлар шашынан, синтетикалық материалдардан және одан жасалатын бұйымдардан басқа, дайын бұйымдар.

31. Жаңа шикізат ретінде пайдалану үшін жарамды нысандағы қалдықтар мен сынықтар.

32. Табиғи су және мұз.

33. Тізбесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін техникалық күрделі құрылыс объектілерін қоспағанда (күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда), күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда, құрылыс қызметтерін көрсету және құрылыс объектілері.

34. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер.

35. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, көтерме және комиссиялық сауда қызметтері.

36. Бөлшек сауда жөнінде көрсетілетін қызметтер.

37. Қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметтері.

38. Темір жол көлігі қызметтерінен, метрополитен қызметтерінен, құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерінен басқа, құрлықтағы көлік қызметтері.

39. Су көлігі қызметтері.

40. Көліктік көмекші және қосымша қызметтер, саяхат бюросы мен туристік агенттіктердің қызметтерінен, туристерге көмек көрсету жөніндегі өзге де қызметтерден басқа, туризм және экскурсия саласындағы қызметтер.

41. Ұлттық пошта қызметтерін, электр байланыс қызметтерін қоспағанда, курьерлік қызметтер көрсетуден басқа байланыс.

42. Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан, облигациялық қарыздарды ұйымдас­тыру жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, қаржы делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтер.

43. Бағалау қызметтерін қоспағанда, қаржы делдалдығына қатысты қосалқы болып табылатын қызметтер көрсету.

44. Жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер.

45. Кеңселерге арналған ұйымдастыру техникасына, электрондық есептеу машиналарына және олармен бірлесіп пайдаланылатын перифериялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер.

46. Ғимаратты жинау жөнінде көрсетілетін қызметтер.

47. Орау жөнінде көрсетілетін қызметтер.

48. Кәріз, қоқыстарды жою, санитарлық өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер және осыған ұқсас қызметтер.

49. Шаштараз, косметикалық салондар мен емдік косметикалық ұйымдардың қызметтерінен, жерлеу, көму және кремациялауды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері.

50. Осы тізбеге енгізілмеген коксты, мұнай мен ядролық отынды қайта өңдеу өнімдерін өндіру қызметтерінен, жиһаз өндіру қызметтерінен, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, өндеуші өнеркәсіптің қызметіне байланысты қызметтер.