Лот достар үшін небәрі 260 фунт стерлингке түсті. Олар сандықты ашқан кезде ішінен алтын және күміс, фарфор ыдыстар, бұған қоса XVIII ғасырдағы кеме журналы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шарап және өзге де бірнеше ежелгі ыдыстар шықты. Енді олар осы құнды заттарды бірнеше мың фунт стерлингке сатуды жоспарлап отыр.
Бұл қазынаның нақты құны әзірге белгісіз, бірақ достар бұлардан кем дегенде бірнеше мың стерлинг ақша түседі деп есептеп отыр.
Айта кетсек, бәссаудаға 16 жабық контейнер қойылған.