Кейбір жұлдыздар лотқа ақылға қонымсыз заттарын шығарып, олар үшін қомақты ақша жинап та алады.
Батыстың белгілі адамдары ұйымдастырған таңданарлық аукциондарды атап өтейік.
2008 жылы Скарлетт Йоханссон The Tonight Show with Jay Leno белгілі шоуы барысында тікелей эфирде қолданған қол орамалын аукционға шығарып, оны 5, 300 мың долларға сатқан.
2011 жылы аукционды ұйымдастырушылар Джон Леннонның тісін 31 мың долларға сатып жіберген.
Жүйкесі жұқарып жүрген жылдары Бритни Спирс папарацияның бетіне сағызын түкіріп жіберген. Фотограф жігіт ол сағызды сақтап қойған, ал кейін оны 514 долларға сатып, түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсады.
Джастин Тимберлейк N Sync тобының мүшесі болған жылдары eBay аукционына таңғы асынан қалған француз тостын шығарған. Бойзбендтің фанаттарының бірі бір тілім нан үшін 1, 025 мың доллар берген.
Ал 2002 жылы 115, 120 мың долларға Элвис Преслидің шашын сатып алушылар табылды.
Сол сияқты Майкл Джексонның жасанды шашы үшін айтарлықтай қомақты ақша - 72 мың доллар түсіруге мүмкін болды.
2003 жылы белгісіз сатып алушы Джон Кеннедидің шолақ шалбары үшін 5 мың доллар берген көрінеді.
Ал кезінде көптеген ердің жүрегін жаулаған Мэрилин Монроның кеудешесін аукционда 4, 480 мың долларға сатып алып кеткен.