Бұл туралы бүгін Астанада «MINEX Орталық Азия» тау-кен өнеркәсібі форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
Оның айтуынша, қазір Қазақстан ескі тәжірибеден бас тартты және жер қойнауын пайдалану саласында аукцион арқылы саудаға шығару сияқты неғұрлым прогрессивті тәжірибеге көшіп отыр.
«Аукционға қосымша барлау жұмыстарын талап ететін аз зерттелген жер қойнауы учаскелері қойылады. Учаскелер әдейі моноқалалар маңынан таңдалып алынады, себебі онда осы арқылы жұмыс орындарын сақтап қалуға болады және онда қажетті ресурстық база шоғырланған. 2015 жылы желтоқсанда өткен аукциондар кезінде 36 лот бойынша келісімшарттық бонустар ретінде бюджетке 1,5 млрд. теңге қаражат тартылды. Жалпы аукион - байқаудың ең ашық және мөлдір әдісі болып табылады. Онда сатылым қорытындысы қатысушылардың алдында жария етіледі. Жалпы инвесторлар оның қолжетімділігін, ашықтығын және қарапайымдылығын айтып, оң бағасын берді», - деді министр.