«2017 жылдың тамыз айында қоқыс жинаушы КамАЗ көлігінің жүргізушісі, тұрғын үй ауласында жүріп жылдамдықты асырғандықтан, велосипед мінген баланы қағып кеткен болатын. Кәмелетке толмаған бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмған еді», деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Алматы ауданының №2 соты жүк көлігінің жүргізушісін ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.