«Әулиеата» шөген клубы ел біріншілігінде топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4-6 тамыз аралығында Алматы облысы, Талғар ауданының «Ақбұлақ» ССК-нің ат спорты кешенінде шөгеннен Қазақстан Республикасының тұңғыш чемпионаты өткізілді.

Чемпионатқа Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан обыстық  шөген федерацияларының, сондай-ақ «Әулиеата» және «Astana Polo Club» клубтарының командалары қатысты.

Чемпионат төрешілігін Аргентинадан арнайы шақырылған поло ойынының кәсіби шебері, бас төреші - Агустин Палациус басқаратын төрешілер алқасы жүзеге асырды.

Біріншіліктің бас жүлдесі, 1 орын - «Әулиеата» шөген клубына бұйырды, 2 орында - «Astana Polo Club» шөген клубы, үштікті Алматы облысы шөген федерациясы аяқтайды.

Сонымен қатар, шөгеннен Қазақстан Республикасы тұңғыш чемпионатының ең үздік ойыншысы - Astana Polo Club командасының ойыншысы Құрманбек Тұрғанбек және ең үздік поло пони - Көксарай болып танылды.

Чемпионаттың тартымды суреттерін елдің поло спорты сайтынан және  тамашалай аласыз.