Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды.
Жиында облыс әкімдігінің әлеуметтік салаға қатысты бөлім басшылары есеп берген болатын.
Жастар саясаты басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхардың айтуынша, бүгінде облыста 14 пен 35 жас аралығында 351 138 жас тұрады.
Бұл - облыс халқының 30,5 пайызы.
Жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында биыл «Әулиеата жастары» тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға 2 миллиард теңге бөлінген.
Оның 1 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен қаралса, тағы 1 миллиард теңгесі - «Отбасы банкі» тарапынан.
Соның арқасында 140 жас отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік туып отыр.
Ал жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 5 мыңға жуық жас тартылған.
Айта кетейік, бұған дейін біз Жамбылда биыл тағы 106 үй асарлатып салынып, мұқтаждарға берілетінін жазған болатынбыз.
Жалпы, Жамбыл облысында асарлатып үй салу жобасы бойынша 2020-2022 жылдар аралығында 338 отбасы баспанамен қамтылған.