Бұл тұралы тараптар бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Аureos Central Asia тікелей инвестициялау қорының басқарушы серіктесі Талғат Көкеновтың айтуынша, бұл мәміле шілде айында жасалған. Қордың инвестициялары компанияның айналым капиталын толтыруға және өндірісті дамытуға жұмсалады. Стратегиялық емес инвестициялық инвестор болғандықтан қор басқару ісіне араласпайды және келісім бойынша алдағы 3-5бес жылдың ішінде корпорацияның акциялар топтамасына қайта шығады.
"Біздің өндіріс кірісіндегі үлесіміз 49 пайыз болады. Қазір мәміленің жалпы сомасын айта алмаймыз. Өйткені біздің лимит 2-10 миллион доллардың аралығында. Сондықтан өндіріс үдерісі кезінде қосымша инвестициялар жасалуы мүмкін", - дейді Т. Көкенов.