Ауруханадағы балаларға жаңажылдық сыйлықтар тапсырады

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Жаңа жыл қарсаңында ауруханаға түсіп қалған жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасылардың балалары Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың  атынан жаңажылдық сыйлықтар алады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасап astana.kz сайты хабарлайды.

«Науқас балаларға 31 желтоқсан күні жаңажылдық сыйлықтар тапсырылады.  Барлығы 70 сыйлық дайындалды.  Олардың  25-і  - Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасындағы,  тағы 25-і  №2 қалалық балалар ауруханасындағы және  20-сы  - № 1 қалалық балалар ауруханасындағы балаларға  беріледі», -  делінген  astana.kz  сайтында.