Вице-министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютор ауруханаларға құны 3 млрд теңгеге жуық медициналық препараттарды тарату жұмыстарын қолға алған. Сонымен қатар 3 айға қажетті резерв құру үшін отандық өндірушілерден және импорттаушылардан дәрілік заттар сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Алдағы уақытта науқастардың болжамды саны бойынша бірыңғай дистрибьютор барлық ауруханаларды жыл соңына дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қоймаларды толтырады», - деді Людмила Бюрабекова.