АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында эйс жасаудан үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Australian Open-2023 ұйымдастырушылары мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина жарыс барысында 44 эйс жасап, көш бастады.
Чехиялық Каролина Плишкова 31 эйспен екінші орында, Е.Рыбакинаның финалдағы қарсыласы, Беларусь өкілі Арина Соболенко (29) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Ерлер арасында 85 эйс жасаған америкалық Бен Шелтон бірінші орында тұр.
Елена Рыбакина мен Арина Соболенко арасындағы финалдық матч 28 қаңтар күні Астана уақытымен 14.30-да басталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның алғаш рет финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Е.Рыбакина 1 млн астам доллар табыс тапты.
Елена Рыбакина алғаш рет үздік ондыққа енеді.
Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).