АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 195-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 157-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен шеберлік байқасты.
М.Кукушкин бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде де өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4.
Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 9 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленді.
М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 138-ракеткасы, жапониялық Ёсуке Ватанукимен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцева Аустралиядағы турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Юлия Путинцева Аустралиядағы турнирді сәтті бастады.
Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің ширек финалына шықты.
Фото: ktf.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).