Жуырда бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сидней WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанып, жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы болып үлгерген А.Данилина аталмыш «Үлкен дулыға» турнирінде сәтті өнер көрсетуде.
Бұл жолы қазақстандық-бразилиялық жұп екінші айналымда чехиялықтар Тереза Мартинцова – Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты.
Беатрис пен Анна 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Олар 1 сағат 39 минутқа созылған матчта 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың алтауын өз есептеріне жазды. Қарсыластары 2 эйс, 4 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.
Б.Хаддад Майя мен А.Данилина ширек финалға шығу үшін жарыстың 10-ракеткалары, чехиялықтар Мария Боузкова –
Луция Градецка немесе испаниялық Алена Большова – норвегиялық Ульрикке Эйкери жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Ролан Гаррос чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина үшінші айналымға өте алмады.