Australian Open: әйелдер арасында Ли На чемпион атанды

ОРАЛ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін әйелдер арасында Австралия ашық чемпионатының финалдық бәсекесі мәреге жетті.

Соңғы сында әлемнің төртінші ракеткасы, қытай қызы Ли На словакиялық Доминика Цибулковадан екі партияда басым түсті. Тартысты өткен бірінші партия 7:6 есебімен аяқталса, екіншісінде Ли На бірде-бір геймді берген жоқ (6:0). Сөйтіп қытай теннисшісі алғаш рет Австралия біріншілігінің жеңімпазы атанды. Бұған дейін ол 2011 және 2013 жылдары екі рет финалға дейін жеткен болатын. Бұдан бұрын Ли На 2011 жылы Ролан Гарросты ұтып алған еді. Ол - қытай қыздары арасында осындай табыстарға қол жеткізген тұңғыш теннисші.