АСТАНА. ҚазАқпарат - Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымында әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
И.Швентек үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 100-орында тұрған испаниялық Кристина Бушкэні 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта И.Швентек 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Қарсыласы бір ғана эйспен көзге түсті.
И.Швентек ширек финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакинамен таласады.
И.Швентек пен Е.Рыбакина осыған дейін өзара екі рет кездескен еді. Есеп тең - 1:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Фото: sports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).