АСТАНА. KAZINFORM — Әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Мэдисон Киз Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.
Америкалық теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бетпе-бет келді.
Белоруссиялық спортшы осыған дейін екі жыл қатарынан үздік шыққан еді.
Бұл жолы М.Кис тосқауыл қойып, 6:3, 2:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, 29 жастағы Мэдисон Киз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде чемпион болды.
М.Киз осы жарыста төртінші айналымда қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны 6:3, 1:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын.
Осы табысы арқасында америкалық спортшы WTA Live рейтингісінде 7-орынға, ал Е.Рыбакина 7-ден 5-сатыға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сандуғаш Кенжебаеваның үш рет қатарынан Түркиядағы турнирде үздік атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).