«Australian Open» турнирінің екінші айналымында Шведова Кизден ұтылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ярослава Шведова жеке разрядта теннис бойынша Австралия ашық чемпионатындағы жарысын аяқтады, деп хабарлады Sports.kz.

Ярослава бірінші айналымда теннисшіміз Зарина Диясты жеңген америкалық Мэдисон Кизден ұтылды.

Бастапқы партияда бірінші боп брейк жасаған Шведова өзіне лақтырылған допты ұстай алмаса да, тай-брейкте біраз басымдық көрсетті, бірақ екінші және үшінші сеттерде біршама қате жіберіп алды. Қорытынды 7:6, 3:6, 3:6 есебімен қарсыласының пайдасына шешілді.

Енді жеке жарыста Қазақстаннан Юлия Путинцева ғана қалды.