Australian Open: жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов жарыстың 1-ракеткасын ұтты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің төртінші, жарыстың бірінші ракеткасы, ATP рейтингісінде 1872-орында тұрған италиялық Федерико Синамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда италиялық спортшы бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Есесіне осыдан кейін Әмір қарымта қайтара алды – 6:3, 6:3.

Тартысты бәсеке бір сағат 37 минутқа созылды.

Әмір Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Аргентинадағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты.