Аустралия чемпионатында Анна Данилина жеңіліп қалды

Фото: Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге алғашқы айналымда америкалықтар Каролин Долхаид - Пэйтон Стирнспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады - 7:6 (7:3).

Бұдан кейін америкалық дуэт күш алып кетті - 6:4, 6:4.

Тартысты бәсеке сағат жарымдай уақытқа созылды.

Осылайша, Аустралия ашық чемпионатында Қазақстаннан Елена Рыбакина ғана қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Испаниядағы турнирдің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.