Аустралия тұрғындары 14 қазан, сенбі күні өткен референдумда аборигендер мен Торрес бұғазы аралдарының тұрғындарына ел конституциясында арнайы дауыс беру құқығының берілуіне қарсылық білдірді.
Бюллетеньдер саналып болғаннан кейін тұрғындардың 58,1 пайызы қарсылық білдірсе, 41,9 пайызы келіскен.
Мұны Аустралия премьер-министрі Энтони Альбанезе де мойындады, ол аборигендер құқығын конституцияда бекітуді белсенді түрде жақтаған еді.
Үкімет Парламентте елдің аборигендері мен Торрес бұғазы аралдарының тұрғындарына арналған «Дауыс» арнайы консультативтік комитетін құруды ұсынған.
Бұл органның пікірі мен дауысы биліктің жергілікті халыққа қатысты саясатын анықтауда ескерілетін еді.
Аустралия статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы аборигендер Аустралия халқының 3,8 пайызын құрады.
Олар — қоғамның ең кедей бөлігі.
Референдум ұсынысының қарсыластары мұндай тәсіл аустралиялықтарды нәсілге бөледі деп есептейді.