Австралияда жаттығу кезінде әскери тікұшақ апатынан 3 америкалық теңіз жаяу әскерінің қызметшісі қаза тауып, 20-сы жарақат алды.
Ұшақ бортында барлығы 23 адам болған. Бесеуі ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Аустралия премьер-министрі Энтони Альбанезе қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, оның себептері туралы құзыретті органдардың қорытындыларын күтуге шақырды.
Айта кетсек, өткен жылы Норвегияда НАТО жаттығуларында АҚШ-тың төрт теңіз жаяу әскер қызметшісі мінген ұшақ апатқа ұшырап, олардың барлығы қаза тапты.