Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өткен айда Жапониядан эвакуацияланған 78 жастағы ер адам Перт қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ оның 79 жастағы әйелінен де вирус табылған. Қазір ол ауруханада жатыр, оның жағдайы бірқалыпты.
Аустралия үкіметі сенбі күні COVID 19 вирусы өршіп тұрған Ираннан келетін туристердің елге кіруіне тыйым салғаны туралы хабарлады.
Сондай-ақ Аустралия осы вирус алғаш шыққан Қытайдан келетін халыққа да елге кіруге тыйым салуды 7 наурызға дейін ұзартқаны атап өтілді.