Аустралияда күннен қуат алатын көліктер жарысы өтуде

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Аустралияда The World Solar Challenge - күн батареяларымен жүретін автомобильдер жарысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 елден жиналған 40 команда 50 сағат ішінде жасыл құрлықтың солтүстігінен оңтүстігіне қарай қақ жарып өтуі тиіс. Дарвиннен Аделаида қаласына дейінгі жарыс жолы 3 мың шақырымға созылып жатыр.

Жарыстың бір ерекшелігі, оған қатысатын болидтерді The World Solar Challenge-ке қатысатын инженер мамандығында оқитын студенттердің өздері құрастырады. Олардың арасында Нагоя технологиялық институтының Horizon 17 автомобилі жеңімпаз болуға басты үміткерлердің бірі, деп жазады Kyodo News агенттігі.

Жас ізденушілердің жарысын Tesla, SpaceX, Google, NASA және Volvo сияқты корпорациялар мен ұйымдардың мамандары бақылап отыр.

9 қазан, Астана уақытымен 15:00-де көш басында Нидерландының Зенит сынақтары институты әкелген Nuon Solar Team болиді келе жатыр. Оның артынан Жапония өкілі, голландтардың Твенте, АҚШ-тың Мичиган университеттері және Бельгия өкілі қуып келеді.
 

Челленджтің барысын және автошабандоздардың қозғалысын мына сайттан бақылап отыруға болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар