Басылымның хабарлауынша, коалалар аштықтан өлген, кейбірін бульдозер басып кеткен.
«Тірі қалған 80 коала қауіпсіз жерге жеткізілді. Австралияда өрт басталғалы бері он мыңнан астам коала өлген. Қоршаған орта министрлігі бұл жағдайға кінәлілерді жауапкершілікке тартатынын мәлімдеді», - деп жазады басылым.
Ал табиғатты қорғаушылар ұйымы жануарларға қатысты заңбұзушылық болуы мүмкін екенін болжады. Тергеу жүріп жатыр.