Аустралияда соңғы 20 жылда болмаған нөсер жаңбыр құйып тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралияда соңғы20 жылда болмаған ең көп жауын-шашын тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sky News-ке сілтеме жасап.

Метеорологтардың болжамы бойынша Сиднейде 8 ақпанда таңертең 130 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін.

Сонымен қатар, құтқарушылардың мәліметінше, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында нөсер салдарынан орман өрттері азайған. Өрт сөндірушілер жаңбыр тағы 17 бақыланбаған орман өртін сөндіруге көмектеседі деп үміттенеді.

Өткен жылдың қазан айынан бастап Австралияда орман өрттері өршіп тұр, тоқтар түрі де көрінбейді.