Аустралияда ұшақ апатында британиялық миллионер отбасымен бірге қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Compass Group компаниясының басшысы отбасымен бірге Сидней маңында болған ұшақ апатында қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.

«Компания президенті Ричард Казинс және оның отбасының төрт мүшесі 2017 жылғы 31 желтоқсанда Аустралиядағы ұшақ апатында мерт болды», - деп мәлімделген аталмыш компанияның ресми сайтында.

Бұрын 9news телеарнасы жексенбі күні жергілікті уақытпен 15:15-те Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында гидропланның құлағанын хабарлаған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан ұшақтағы алты адамның барлығы ажал құшқан.

Апат себептері әзірше белгісіз.