Аустралиялық полицей машинасының капотында жұмыртқа пісірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдегі аптап ыстық кезінде аустралиялық полицей машинасының капотына таба қойып, жұмыртқа қуыруға кірісті.

2017 жылдың ақпан айындағы дерек бойынша, Аустралияның барлық өңірлері секілді Бёрдсвилл қаласында да аптап ыстық 40 градусқа жеткен. Алайда, жергілікті полиция әбігерге түспестен, бұл жағдайды пайдаланып қалуды жөн көреді. Ол көлігінің қақпағына табаны қойып жұмыртқаны қуыруға кіріседі.
 

Еске сала кетсек, Астанада керісінше соңғы күндері аяз күшейіп кетті. Бүгін -25 суықтан екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмеді.