Бұл жайлы Аустралия телеарналарының бірі таңғы «Today» телебағдарламасында хабарлады, деп жазады МОНЦАМЭ.
Дәрігерлер әйелдің ішін жару арқылы босандырды. Сәбидің салмағы 4,150 -гр, бойы - 51.5 см. Ол бақытты отбасындағы екінші перзент болды.
Қазір Аустралияда 2 500-ден астам моңғол азаматы тұрады.
Еске сала кетсек, Аустралия - Жаңа жылды алғаш қарсы алатын елдердің бірі.