Аутизмнің емі бар...

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Колумбиялық университет қызметкерлері аутизмнің даму себебін анықтап, келешекте бұл дерттен адамдарды емдеп жазатын препарат табуға уәде берді.

Ғалымдардың пікірінше, аутизм синаптикалық нейронды байланыстың (сау адамда ол даму үрдісінде тоқтайды, 9-12 жасында жоқ болып кетеді) шамадан тыс болуынан дамыған. Мұның шамадан тыс пайда болу себебі mTOR ақуызының көп болуынан деп санайды, деп хабарлады FederalPress порталы.

Зерттеушілер тышқандардың қанына mTOR мөлшерін азайтатын иммунодепрессант еккен. Нәтижесінде тышқандарда аутизм белгілері жоғалып кеткен, деп жазады шетелдік БАҚ.