Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 2 желтоқсан № 1442 Астана,Үкімет Үйі
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің салық органына салық төлеуші жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидаларыбекітілсін.
2.Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің салық органына салық төлеуші жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидалары
1.Осы Кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің салық органына салық төлеуші жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды(бұдан әрі - квитанцияларды) пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беруге қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 23-бабына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар әкімдердің салық органына квитанцияларды пайдалану туралы есепті (бұдан әрі - 1-есеп), сондай-ақ салық төлеуші жеке тұлғалар төлейтін мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығының сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есепті (бұдан әрі - 2-есеп) беру тәртібін және мерзімдерін белгілейді.
3. 1 және 2-есептерді әкімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз тасығышта екі данада жасайды:
1) бірінші дана салық органына беріледі;
2) екінші дана әкімде қалады.
1 және 2-есептердің қағаз тасығыштарына Word және Ехсеl форматтарындағы есептер электрондық тасығыштарда (компакт - диск, флешка) қоса беріледі.
4. Әкімдер есептерді тиісті салық органына өздерінің орналасқан жері бойынша береді.
1-есеп есепті айдан кейінгі айдың 10-күнін кешіктірілмей, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ай сайын беріледі. 1-есепке пайдаланылған квитанциялардың көшірмелері, оның ішінде бүлінген немесе жарамсыз квитанциялардың көшірмелері, ал квитанция жоғалған жағдайда - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша квитанцияның жоғалғаны туралы актініқоса береді.
2-есеп осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он күн сайын айдың 3, 13, 23-күндерінен кешіктірілмей беріледі. 2-есепке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеуші жеке тұлғалар төлейтін мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі тізілім қоса беріледі.
2-есепті факс арқылы немесе электрондық поштамен (сканерленген нұсқасын) жіберуге жол беріледі. 2-есептің түпнұсқасы факс арқылы немесе электрондық поштамен түскен күнінен бастап 15 күн ішінде беріледі. Осы шарт сақталған кезде 2-есептің факс арқылы немесе электрондық поштамен түскен күні түскен күні болып есептелінеді.
5.Есептерді қабылдауға және одан әрі пайдалануға жауапты салық органының қызметкері 1 және 2-есептерді олар нақты берілген күні қабылдайды және оларды қабылдағаны туралы есептердің екінші данасына белгі қояды.