Ресми өкілдің мәліметінше, 30 қараша күні таңғы сағат 04-54-те өртке қарсы қызмет кезекшілігіне Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылдық әкімдігінің ғимараты өртеніп жатыр деген ақпарат түскен. 120 шаршы метрлік тұрғын үйден әкімдікке айналған ғимараттың шатыры өртенген.
«Сағат 8-30-да өрттің алды алынып, 08-45-те толық өшірілді. Оқиға орнына ең жақын 140 шақырым жердегі Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 маманы мен 2 техникасы барды. Сонымен қатар, өртті сөндіруге өртке қарсы ерікті жасақтың 6 маманы мен 2 техникасы да жұмылдырылды», - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өрт электр кабельдерінің қысқа тұйықталуынан болған. Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.