Ауыл әкімі жанып жатқан үйден қыз баланы алып шықты

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданына қарасты Малоубинка ауылдық округінің әкімі 11 жастағы қызды өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтеншежағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, оқиға түн ортасында болған.Көрші үйдің жанып жатқанын көрген ауылдық округ әкімі Сергей Сомов ауладан үйиесін жолықтырады. Ауызғы үй жанып жатқандықтан, әжей іште қалған 11 жастағықызға көмектесе алмай тұрғанын айтады. Әкім терезені шағып кіріп, едендеес-түссіз жатқан қызды алып шыққан. С.Сомовтың әйелі жасанды жолмен дем бергенкезде ғана қыз есін жиған.

«Бала үйде ессізжатқан. Сергей Сомов қызды қою түтінарасынан тапқан. Қызыл жалын 70 шаршыметр үйді отқа орады. Отбасы-дәрігерлікамбулаторияның қызметкерлері зардап шеккендерді Өскемен қаласына жеткізді. Қызбала әуелі жан сақтау бөліміне жеткізілген болатын. Ал әжесі уланып, денесінің30 пайызын күйік шалған. Қазір екеуінің де жағдайы тұрақты», - делінгендепартаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар