«Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға 100 млрд теңге жұмсалады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға 100 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасын іске асыру басталады. Биылға 100 млрд теңге қарастырылған. Бұл ауыл халқына 2,5 пайызбен 17 мыңнан астам жеңілдетілген шағын несие беруге және ауылда 18 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Шағын несиелеуден басқа агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін кеңейту жоспарланып отыр. Осы бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджет қаражатынан 100 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінді. Оның есебінен жылдық 2,5 пайызбен тауарлық-сүт фермаларының құрылысы қаржыландырылатын болады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, келешекте құс етін мен балық өндіру, қарқынды суару, сақтау қуаттылықтарын енгізу бойынша инвестициялық жобалар пулын арттыру жоспарланған.

«2024-2025 жылдарға қаржыландыруға қосымша қажеттілік 300 млрд теңгені құрайды. Негізгі азық-түлік тауарлары бойынша импортты алмастыру мәселесі 2026 жылға дейін агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы сомасы 2,8 трлн теңгені құрайтын 900 инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен кешенді түрде шешіледі», - деді Ербол Қарашөкеев.